Қостанайда құрылыс қоймасы өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайда «Мега Строй» СҮ жапсарлас орналасқан құрылыс қоймасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 қаңтар күні сағат 07:03-те Қостанай өрт сөндіру қызметіне Қарбышев көшесінің бойындағы «Мега Строй» сауда үйіне жапсарлас салынған құрылыс қоймасында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер келген кезде қойманың сыртқы қабырғасының қаптамасы жанып жатқан. Өрт 07:26-да ауыздықталып, 07:43-те толық сөндірілді.

Өрт 80 шаршы метрді шарпыған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге Қостанай облыстық ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 9 техникасы жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар