Қостанайда күдікті оқиға орнынан қашып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласындағы Гашек көшесінде болған көлік өртіне кінəлі адам оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салайық, 10 қыркүйек күні кешке Гашек көшесінің бойында екі көлік соқтығысып, өртке ұласқан. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің мəлімдемесіне сүйенсек, «Audi-89» көлігінің жүргізушісі «AudI-80» маркалы көлікті бүйірден соғады.

«Audi-89» автокөлігінің иесі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір құқық қорғау органы қызметкерлері күдіктіні іздестіруде. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жазаланады" делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.

null

Соңғы жаңалықтар