Қостанайда кран-манипулятор 12 жастағы жасөспірімді қағып кетті

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жасөспірімді кран-манипулятордың жүргізушісі қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 15.00 шамасында Чернышевский көшесінде кран-манипуляторды тізгіндеген 49 жастағы жүргізуші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан 12 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп түсінік берді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда абайсызда адам өліміне әкеп соққан «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиға орнында қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.



Соңғы жаңалықтар