+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Қостанайда коронавирустың тіркелуін күтпей санитарлық бақылау күшейтіліп жатыр

2020 жылғы 2 сәуір 16:12
Бөлісіңіз:
Қостанайда коронавирустың тіркелуін күтпей санитарлық бақылау күшейтіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Каркенов облыс орталығында қандай жағдайда карантин жариялануы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай қаласындағы санитарлық бекеттер адамдардың ары-бері жүруіне шектеу қоймайды. Қалада карантин режімін жариялау үшін қалада коронавирус жұқтырудың бірнеше жағдайы тіркелуі керек. Алайда вирустың тіркелуін күтпей-ақ санитарлық бақылауды күшейткіміз келеді. Осы мақсатта қаланы айнала блок бекеттерді орнатып жатырмыз», - деді Рүстем Каркенов Аймақтық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Қала әкімінің орынбасары Қостанайда орнатылатын 7 блок бекетте адамдардың температурасы өлшенетінін айтып өтті.

«Әзірге бізде тепловизор жоқ. Енді ғана сатып алып жатырмыз. Әйтсе де әрбір санитарлық бекетте температура әзірге градусниктермен өлшенеді. Егер әрбір адам өзінің градуснигімен қызуын тексерткісі келсе, ол оны пайдалана алады. Сонымен қатар блок бекеттерде елдегі төтенше жағдайлар кезіндегі шектеу шаралары қадағаланады. Атап айтқанда маска киіп жүру, 22.00-ден кейін жүрмеу секілді талаптар сақталады», - деді ол.

Рүстем Каркенов санитарлық талаптарды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік барын ескертті.

«Бәрі де бұл істің бәрі тұрғындардың амандығы үшін жасалып жатқанын түсінуі керек. Осылайша біз қалада коронавирус инфекциясының тіркелуіне, жаппай таралуына шектеу қоя аламыз», - деді ол.

Айта кетсек бұған дейін Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Каркенов бүгін сағат түнгі оннан бастап қаладағы үш блок бекет жұмысын бастайтынын мәлім еткен еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT