+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 20 қазан 14:49
Бөлісіңіз:
Қостанайда көпқабатты үй өртеніп, 68 адам эвакуацияланды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 10 қабатты тұрғын үйден өрт шығып, б68 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде көпқабатты үйдің шатыры өртеніп жатыр Таразда моншаның шатырынан шыққан өрт кафе мен дүкенге жайылды Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті

20 қазан күні сағат 02:0 шамасында Қостанай қаласының өрт сөндіру бөліміне Садовая көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы хабар түседі. Хабарлама бойынша ТЖД Өрт сөндіру бөлімінің 42 қызметкері ме мен 9 техникасы жұмылдырылды.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бірінші қабаттың кіреберісінде құрылыс материалдары қалдықтарының жанып жатқанын анықтады. Өрт шамамен 5 шаршы метрді шарпыды. Өрт жақын аралықтағы пәтерлердің есіктеріне де тиді. Жоғары ауа температурасы әсерінен дәліздегі француз төбе жабыны балқып кетті. Түтін жоғары қабаттарға да таралып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді. Құтқару жұмыстарына газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 құрамы қосылды. Өрт сөндірушілер баспалдақтармен 68 адамды эвакуациялады. 4 адам құтқарылды, оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала бар», делінген ТЖД хабарламасында.

Қазір өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт түнгі сағат 02:31-де сөндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT