Қостанайда коммуналдық қызметтердің бағасы өсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы жылу маусымы бағаның көтерілуімен басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тарифтің көтерілуіне табиғи газ бағасының өсуі себеп болды. Тұрғындарды бағаның көтерілуі туралы қыркүйек айында құлағдар еткенбіз. Тұрғындар үшін тарифтер орташа 4%, ал заңды тұлғалар үшін 6%-ке көтерілді», - дейді Қостанай жылу энергетикалық компаниясы МКК директоры Асқар Бекпағанбетов.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының басында ҚЖЭК 1 қазаннан бастап жылу мен ыстық су тарифтерінің көтерілетінін хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар