Қостанайда колония басшысының орынбасары сүйіктісін «жұмысқа алғаны» үшін сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы №2 қалалық сотта УК161/2 мекемесі басшысының бұрынғы орынбасары Инна Каркавинаға қатысты іс қаралып жатыр. Оған лауазымын теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, әйел 2015 жылы бірге тұратын ер азаматын колонияға жүргізуші етіп жұмысқа орналастырған. Іс материалдарына қарағанда, 2015 жылғы 25 сәуірде И.Каркавина өз әріптесі, тылдық қамту бөлімінің инспекторынан сүйіктісін жүргізуші етіп қабылдауды өтінген.

Мәселе дереу шешімін тауып, ол жұмысқа алынған. Бірақ ер адам жұмыс орнында бірде-бір рет төбе көрсетпеген. И.Каркавина қоластындағы қызметкерге күн сайын орындалған жұмыстар журналына белгілеп отыруды тапсырған, жол қағаздары мен бензин талондарын беріп келген.

Осылайша, ол 2015 жылдың 23 сәуірінен 2017 жылғы 30 маусымға дейін калонияда «жұмыс істеп жүрген». Каркавина осы арқылы жалпы құны 280 мың теңге болатын 2 440 литр бензинді және жалақы түріндегі 1,5 млн теңгені жымқырған.

Сот отырысының қорытындыларына орай, И. Каркавина өз айыбын толық мойындап, процестік келісім жасау туралы өтініш берді.

Соңғы жаңалықтар