Қостанайда көлік өртеніп, бір адам көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Б. Майлин ауданында омарташы тіркемесі тіркелген автокөлік жанып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тіркемесі бар көлік Б.Майлин ауданы Барсуковка ауылының маңында тұрған.

«Омарта және автокөлік тіркемесі бар «Газ-53» маркалы көлік толық жанып кетті. Денесінің 98%-ын күйік шалған 1955 жылы туған азамат Лисаков орталық аудандық ауруханасына түсті», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Ер адам ауруханада қайтыс болды. ТЖД мамандары өрт кезінде жиналған материалдарды аудандық полиция бөліміне тергеу үшін жіберді. Алдын ала болжам бойынша, өрт отты абайсыз пайдаланудан шыққан.

Соңғы жаңалықтар