Қостанайда көлік бағанаға соғылды: машина толықтай жанып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының маңындағы Затобол кентіне кіреберіс жерде жүргізуші бойжеткен рульді басқара алмай, бетон бағанаға соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 15-нен 16 маусымға қараған түні болған.

«21 жастағы қыз «Фольксваген Поло» автомобилімен Семин көшесімен Затобол кентіне қарай келе жатып, рульді басқара алмай, бетон бағанаға соғылған», - деп түсіндірді облыстық ІІД.

Бойжеткен мен жолаушы капоттан өрт шығып, көлік құралы толықтай жанғанға дейін автомобильден шығып үлгерген.

ІІД ақпараты бойынша, аталмыш факті бойынша бойжеткенке қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  

Соңғы жаңалықтар