Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда қоқыс жәшігінен нәресте табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін облыс орталығында болған. Гүлнұр Мейрамқызы есімді қала тұрғынының сөзінше, Қостанайдағы «Олимп» сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеді. Нәресте ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ІІД бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Соңғы жаңалықтар