+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қостанайда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды

2019 жылғы 23 қараша 13:57
Бөлісіңіз:
Қостанайда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 23 қарашада «102» пультіне Әуежай шағынауданындағы контейнерлердің бірінде жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына мүдделі қызметтер мен полиция департаментінің басшылығы шықты. Бала өлі табылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге барып, сауалнама алады, куәгерлер іздестіріледі», - дейді полициядан.

Сәби өлімінің себебі мен уақыты тағайындалған сот-медициналық сараптама кезінде анықталатын болады.

Іздестіру жұмыстарына кинологтар да тартылды. Бұл дерек Полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT