Қостанайда көктайғақ салдарынан 70-ке жуық адам ауруханаға түсті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін көктайғақ салдарынан қалалық аурухананың жарақаттану бөліміне жүгінгендердің қатары артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай қаласында көктайғақта сүрініп-жығылып, жарақаттанғандардың қатары күрт көбейді.

«Бүгін таңертең қалалық ауруханаға 60-тан астам адам түсті. Оның 14-і жарақаттану бөліміне жатқызылды. Облыстық балалар ауруханасына көктайғақта жарақат алған 14 бала жүгінінді», - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, бүгін Қостанайда көктайғақ салдарынан мектептерде сабақ болмайтынын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар