Қостанайда қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында қоғамдық тамақтандыру объектілері, оның ішінде қала сыртындағы жол бойы сервисі қызметіне рұқсат берілді. Бұл туралы Қостанай облысының мемлекеттік санитариялық бас дәрігері Е. Даулетбаев қабылдаған жаңа қаулыда көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беріледі, нысан бір мезгілде 30 адамға дейін ғана қызмет көрсете алады. 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын келушілер қамтамасыз етілсін. Үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы керек, жұмыс режимі сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін белгіленеді. Салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді. Жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 23:00-ден кейін, сондай-ақ жексенбіде «алып кету, жеткізу» қағидатымен жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендерінің, оның ішінде шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат беріледі, бұл ретте автожанармай құю станциялары жанындағы шағын маркеттердің қызметінің жұмысына шектеу қойылмайды. Кинозалдардың, ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етілмейді», делінген қаулыда.

Өңірде ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда нысандарының, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күні тоқтатылады. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, жабық базарлардың жұмысы кестесі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін белгіленді.

Сонымен қатар жаңа қаулыда мынадай жеңілдету шаралары қарастырылған:

1) дәріханалардың, оптиканы өткізу дүкендерінің және медициналық мақсаттағы тауарлардың қызметіне уақыт бойынша шектеусіз рұқсат беру;

2) аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазба бойынша) қызметіне рұқсат беру;

3) эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, медициналық тексерулер мен профилактикалық егулерді қоспағанда, МСАК ұйымдарында жоспарлы скринингтер көрсетуді тоқтата тұру;

4) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау.


Соңғы жаңалықтар