Қостанайда қоғамдық көліктерге «Авто-Төлеу» жүйесі енгізіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Жыл аяғына дейін қаладағы №3 жолаушылар автобусына «Авто-Төлеу» жүйесі енгізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Еркебұлан Әбдікәрімовтің айтуынша, алдағы уақытта Қостанайдағы жолаушылар автобустарының барлығы «Авто-Төлеу» жүйесіне қосылады.

«Жаңа жүйе жыл аяғына дейін қаладағы №3 жолаушылар автобусына енгізіледі. Билеттер электронды түрде алынады. 2019 жылдан бастап барлық автобустарға ұсынамыз», - деді Еркебұлан Әбдікәрімов.

Электронды бюджетті енгізу үшін бюджеттен 106 млн теңге қаржы бөлінбек.

Айта кетейік, биыл ақпан айындағы есеп беру жиынында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов қоғамдық көліктерде жолақы «Оңай» электронды картасы арқылы төленетінін айтты. Сондай-ақ, қаладағы қоғамдық көлік паркінің жаңаратыны белгілі болған. Бүгінде бұл жұмысқа бюджеттен қаржы бөлінген.

Иллюстациялық сурет

Соңғы жаңалықтар