Қостанайда кішкентай қыз бала 4 қабаттан құлап кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 4 қабаттан бір жарым жасар қыз бала құлап кетті. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарманың мәліметінше, таяуда ғана дәрігерлер қауымы ата-аналар назарын «ката жарақат (биіктен құлау)» мәселесіне аударып, «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын қолға алған болатын.

«Бүгін тағы да бір оқыс оқиға болды. Түскі сағат 13-тер шамасында 2017 жылғы қыз бала (1,5 жаста) Қобыланды батыр көшесіндегі 44 үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Сәбиді жедел жәрдем облыстық ауруханаға жеткізді», - делінген хабарламада.

Қазір баланың жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Авторы Жанна Нақыпова

Соңғы жаңалықтар