Қостанайда киелі нысандардың Жол картасы әзірленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының мәдениет мекемелері «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында жетпіс жоба жүзеге асырды. Оның он бесі - облыстық кіші жоба және ел бесі - өңірлік іс-шара, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мәдениет басқармасы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, бүгінде іске асырылған жобалардың нәтижелерін, олардың тиімділігі мен жергілікті қоғамдастықтың сұранысын ескере отырып, өңірлер 2019 жылға арналған 130-дан астам іс-шара тізімін әзірледі. Қаржыландыру сомасы 30 млн теңгеден асады. Ауқымды іс-шаралар Денисов, Қостанай, Науырзым, Сарыкөл, Таран аудандарында және Лисаков қаласында жоспарланған.

«Былтыр Қостанай ауданында «Қымызмұрындық» фестивалі, Сарыкөл ауданында «Ұлы дала» Oреn Air фестивалі, Амангелді ауданында және Лисаков қаласында республикалық ақындар айтысы, Жанкелдин ауданында «Торғай әуендері», «Бабалар сазы» ән байқаулары, Қамысты ауданында «Әнім саған, туған жер!» фольклорлық әндер байқауы өтті. 2018 жылы ауылдық кітапханаларды, мәдениет және демалыс орталықтарын жаңғырту аясында Әулиекөл, Қарасу, Қостанай аудандарында 3 коворкинг-орталық ашылды. Осы жылы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Bilim Ortalygy» жобасының тұсаукесері ұйымдастырылды», - деді басқарма басшысы.

Өңірде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында тарихи-мәдени нысандарды, жалпыға зиярат ету орындарын, киелі нысандарды зерттеу мен насихаттау, олардың ақпараттық сүйемелдеуі бойынша жұмыс жалғасуда.

«Жаңадан анықталған облыстың киелі жерлерінің тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының отырысында қаралған 25 нысан бойынша зерттеу, қосымша аңыздарды, мұрағаттық көздерді жинақтау жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, облыстың киелі нысандарын одан әрі насихаттау мақсатында мәдениет басқармасы 2019 жылы жалпыұлттық маңызы бар Қостанай облысының киелі нысандарына бару бойынша виртуалды экскурсияны әзірлеуді жоспарлап отыр», - деді ол.

Қалалар және аудандар әкімдіктері киелі нысандардың инфрақұрылымын жасау мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі.

Соңғы жаңалықтар