USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қостанайда Кейкі батырдың бас сүйегі жер қойнына тапсырылды

2017 жылғы 15 қыркүйек 11:56
Бөлісіңіз:
Қостанайда Кейкі батырдың бас сүйегі жер қойнына тапсырылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы, Амангелді ауданында Кейкі Көкембайұлы кесенесі бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Араға ғасырға жуық уақыт салып, былтыр елге оралған батырдың сүйегін жерлеу рәсімі Амангелді ауданында өтті. Тарихи оқиғаның куəсі болмаққа алыс-жақыннан танымал тұлғалар келді. Олардың арасында ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар бар.
null

Батыр сүйегін жерлеу рəсімі сағат 11:00-де басталды. Алдымен, баба рухына құран бағышталды. Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова, ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов қатысты.

«Жаңа мемориалдық кешеннің құрылысы бойынша барлық жұмыстар белгіленген уақытта аяқталды. Оның барысын үнемі қадағалап отырдық. Міне, үкіметтің келісімімен батыр сүйегін салтанатты түрде жерлеу рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Кейкі батырдың тарихтағы орны ерекше. Мынадай сəулетті кесене жастарымыздың бойына рух бітіреді, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді», - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Жиында Кейкі батыр туралы қоғам қайраткерлері де пікір айтты.

«Кейкі Көкембайұлы - ұлтының азаттығы жолында күрескен ұлт қаһарманы. Оның жарқын бейнесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ерлігі елін рухтандырып тұра бермек», - деді жазушы Сəбит Досанов.

Кейкі батыр ұрпақтары атынан Серік Ақылбай сөз сөйлеп, ғасыр бойы сырт елде жатқан батыр сүйегін елге əкелуге себепші болған Елбасына алғысын білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT