Қостанайда Қазақстанның қалыптасуындағы Елбасының рөлі талқыланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Л.Толстой атындағы облыстық кітапханасында «Сарапшы» саяси клубының бірінші отырысы аясында ұйымдастырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы Зәуре Байменованың айтуынша, саяси клуб құрудағы мақсат - саяси партияларды, азаматтық қоғамды, БАҚ пен ҮЕҰ-ды біріктіру.

Осы кездесуге облыстағы саяси партиялардың басшылары, азаматтық қоғам, зиялы қауым, мәдениет және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Зәуре Байменова Тұңғыш Президенттің саяси жетістіктері мен ұстанған саясаты елде қақтығыстардың болмауына, жалпыұлттық келісім мен бірліктің пәрменді моделін құруға мүмкіндік бергенін сөз етті.

«Азаматтық қоғам өкілдерін тұрақты серіктес ретінде қарастыра отырып, мемлекеттік саясатты, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру мақсатында «Сарапшы» саяси клубының ашылуына бастамашы болдық. Жоспарға сай кездесулер тоқсан сайын өтетін болады. Кездесулерде саяси партиялардың жұмысымен танысып, өзекті мәселелерді талқылап, олардың шешімін табуға мүмкіндік беріледі. Алғашқы кездесуіміз ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі айқындау болып отыр. Тарихтың жаңа тарауын бастаған егемен еліміз тағы бір маңызды кезеңнің алдында тұр. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер мен келешекте жүргізілетін саяси бағытты сақтап қалуы тиіс. Қиын-қыстау заманда мемлекетті нық тұрғызған Елбасының еңбегі ұшан-теңіз», - деді басқарма басшысы.

Жиында есімдері елге белгілі сарапшылар сөз алды. Мәселен, қоғам қайраткері Римма Ғайсенова айтқандай, Қазақстан отыз жыл ішінде адам сенгісіз нәтижелерге қол жеткізді.

«Тәуелсіз Қазақстанның дамуында Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі өлшеусіз. Мұны егемендіктің бірінші күнінен-ақ байқауға болады. Елбасы әуелі шекараны шегендеді. Одан әрі ядролық қарудан бас тартты. Семей полигонын жапты. Бүкіләлемдік көрме ұйымдастырды. Міне, осындай салиқалы саясатының арқасында қазақстанды әлемге танытып, аянбай еңбек етті. Еліміздің саяси-экономикалық дамуына жан-жақты қолдау көрсете білді»,- деді Римма Ғайсенова.

Сарапшылар алдағы саяси өзгерістердің маңыздылығына тоқталды. Айтуларынша, Елбасының саясатын одан әрі іске асыру мақсатында кездесулер жиі ұйымдастырылғаны дұрыс.

Соңғы жаңалықтар