Қостанайда Қазақстан мен Ресей жастарының форумы басталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы Жастар сарайының салтанатты ашылуына орай Қазақстан мен Ресей жастарының ынтамақтастық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Жастар сарайына Қазақстан мен Ресейден келген мыңнан астам жас жиналды.

Мұнда көрме стендтері мен жастар жобаларының тұсаукесер аймақтары орналасқан. Форум тақырыбы жастардың ерікті жобаларға қатысуына арналды. Ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екі елдің қоғамдық ұйымдарының өкілдері өз жобаларын таныстырады,халықаралық дәрежедегі бастамалар туралы айтып, еріктілік саласындағы үздік тәжірибелерімен алмасады.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар сарайының көрме павильонының жұмысымен танысты.

Архимед Мұхамбетов форумға келген қонақтарға алғыс айтып, жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Екі елдің көп жылдық ынтымақтастығы мен әріптестігінің арқасында бүгін біз маңызды іс-шараны ұйымдастырып отырмыз. Біздің жастарымыз дәстүр мен ұлт сабақтастығын сақтауда айрықша жұмыс атқарып келеді. Бүгінде Қостанай облысында 170 мыңнан астам жас өмір сүреді. Өз кезегінде облыста олардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Осы форумда өңірдегі тың жобалармен таныс боласыздар»,- деді Архимед Мұхамбетов.
null

Айта кетейік, форум қарсаңында, 14-16 мамыр күндері Қостанай облысы мен Қорған өңірінің еріктілері Тобыл өзенінің жағасын тазалады. «ECO-challenge Qostanai» акциясына Қамысты, Жітіқара, Таран, Денисов, Қостанай аудандары мен Рудный, Лисаков қалаларының жастары атсалысқан болатын. Аталмыш акция бүгін де жалғасын таппақ. Бұл шараға Дәурен Абаев қатысады деп күтілуде.

null

Соңғы жаңалықтар