Қостанайда кәсіпорын басшысы жұмысшының қаза тапқаны үшін сотталады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы №2 сотына қауіпсіздік техникасын бұзды деп айыпталған ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Газ құбыры үшін траншея қазу кезінде жер опырылған. Сол кезде траншеяның төңірегінде ЖШС-ның жұмысшысы - слесарь-монтаждаушы болған. 21 жастағы жігіт топырақтың астында қалып қойған. Ол оқиға орнында қаза тапты. Айыпталушы құрылыс нысанындағы жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмаған, арнайы нормалар мен еңбекті қорғау ережелерін бұзған», - деп түсіндірді сот өкілдері.

Басты сот ісі 26 шілдеге тағайындалған.

Еске салайық, Қостанайда солтүстік-батыс ауданында «Юбилейный» тұрғын үй кешінінің төңірегінен траншеядан (газ құбырын салу үшін) ер адамның денесі табылған. 21 жастағы жігіт газ құбырын тарту бойынша жергілікті ЖШС-да жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар