Jańalyqtar
Қостанайда кәсіпкердің ақшасын жымқырған бұзақылар ұсталды
2020 жылғы 8 қаңтар 10:57
Бөлісіңіз:

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы полиция басқармасы «Солтүстік» бөлімшесінің полицейлері кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді екі тәулік ішінде тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
Қостанайлық полицейлердің көмегімен Ресейде жарылғыш заттар тәркіленді
Полиция қызметкеріне шабуыл жасаған Петропавл тұрғыны ұсталды
Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстарға жаза қатайтылды
Қылмыс 2019 жылғы 29 желтоқсанда болған. Кешкі 18.30-да Складской көшесінде бетперде киген екі бұзақы кәсіпкерге көзден жас ағызатын баллонды қолданып, сөмкесіндегі ақшаны ұрлап кеткен.
«Сөмке жыртылып кетіп, 3 млн теңге қаражат жерге шашылып қалған. Алайда күдіктілер 2,5 млн теңгені жымқырып кеткен. Жәбірленуші ақшасын «ЗИЛ» көлігінің ішінде сақтаған. Ол бетперде киген күдіктелерді дәл суреттеп бере алмады. «Солтүстік» полиция бөлімінде қылмысты ашу үшін жедел тергеу тобы құрылып, оны қылмыстық іздестіру бастығы, полиция капитаны Аян Шаяхметов басқарды. Топ құрамында жедел қызметкерлер полиция капитаны Қазбек Қайратұлы, полиция капитаны Қуат Темірғалиев және полиция капитаны Болат Нұртазин және Әлібек Кеукенов жұмыс істеді», - делінген полицияның ақпаратында.
Жедел іс-шаралар жүргізу кезінде 32 және 33 жастағы күдіктілер Тобыл қаласында ұсталды. Олар ақшаның бір бөлігімен несиелерін жапқан. Сонымен қатар Жаңа жыл мерекесіне жұмсаған.
Осы дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұзақылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Қостанай облысында діни нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды
- Шымкентте қылмыстық топ 7,7 млрд-тан астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған
- ШҚО-да кәсіпкердің 25 млн теңгесін алаяқтықпен алды деген күдікті ұсталды
- Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу шаралары жүріп жатыр
-
Қостанайда 23 мың литр жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды
-
Қостанай облысында 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER