Қостанайда қашқын жүргізуші іздестіріліп жатыр

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс орталығында 16 жастағы велосипедшіні көлігімен қағып кеткен жүргізушіге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Әл-Фараби көшесіндегі «Юбилейный» дүкенінің маңында болған.

«Велосипед мінген 16 жастағы қала тұрғынын соққан жүргізуші іздестіріліп жатыр. Ол оқиға орнынан із суытқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші бірнеше дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер аталған жол-көлік оқиғасы туралы ақпараты бар тұрғындарға «102» нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар