Қостанайда қаржы ұйымына қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары микроқаржылық ұйымға қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарақшылық шабуыл 15 наурызда сағат 19.00 шамасында жасалған. 39 жастағы ер адам микроқаржылық ұйымға кіріп, адамдарды қорқыту арқылы 183 мың теңге ақшалай қаржыны алып кеткен. Ол өз кінәсін мойындады», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері ғимарат аумағында кешенді жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Күдікті бұрын да сотталған қала тұрғыны болып шықты.

Соңғы жаңалықтар