Қостанайда кәріз құдығынан 7 жасар баланың мәйіті табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылындағы қоғамдық моншаның кәріз құдығынан бала мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖ депаратментіне сілтеме жасап.

Кейінірек анықталғандай, 7 жасар бала сол ауылдың тұрғыны болып шықты және ол бір күн бұрын жоғалған.

«18 қыркүйек күні 8:50-де Жітіқара ауданы, Тимирязев ауылында Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары қоғамдық моншаның кәріз құдығынан 2011 жылы туған баланың денесін тапты. Бірінші сынып оқушысы 17 қыркүйек күні 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан болатын», - делінген облыстық ТЖ департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жіберген ресми хабарламада.

ТЖ департаменті қайғылы оқиғаның ата-ана салғырттығынан және балаға қарамауынан болғанын атап өтті.

«Ата-ана өз баласына мұқият көңіл бөлгенде мұндай оқиға болмас еді. Бала қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ата-анаға жүктеледі», - дейді департамент өкілдері.

Соңғы жаңалықтар