
2018 жылғы 30 наурыз 17:21
Қостанайда ер адам қараусыз қалған ангарда асылып қалған
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Жеңіс көшесіндегі қараусыз қалған ангарлардың бірінен асылып қалған ер адам табылды. Бұл фактіге қатысты Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жергілікті БАҚ-та хабарланғандай, ер адамның денесін 27 наурыз күні жасөспірімдер кездейсоқ тауып алған. Олар құқық қорғау органдарын шақырған.
Бұл фактіні полицейлер растады.
«27 наурыз күні Жеңіс көшесіндегі қараусыз қалған ангардан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Аталмыш факті бойынша сот-мединицалық сараптамасы тағайындалды.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP