+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Қостанайда карантин басталғалы жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар анықталды

2020 жылғы 11 тамыз 03:07
Бөлісіңіз:
Қостанайда карантин басталғалы жұмысын тоқтатпаған мейрамханалар анықталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Өткен демалыс күндері Қостанай облысында 405 рет локдаун тәртібі бұзылған. Бұл туралы облыстың Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады 24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Облыстың полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып, саябақтарда, скверлерде және жағалауларда рейд ұйымдастырды. Арнайы құрылғылар мен дрондардың көмегімен суға түскендер анықталып, өзен жағасында демалыс ұйымдастырғандарға айыппұл салынды.

«Сенбі және жексенбі күндері бас санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптар бұзылды. Мәселен, 9 тамызда «Белая юрта» демалыс базасында 60 адамның қатысуымен той жасалған. Жангелдин ауданының Торғай ауылында 30 адамның қатысуымен беташар рәсімі өткен. Сондай-ақ, Қостанай қаласындағы «Арагви» және «Тобыл» мейрамханалары карантин басталғалы рұқсатсыз өз қызметін жүзеге асырды», делінген полицияның ақпаратында.

Сонымен қатар облыс орталығы мен Рудный қаласында локдаун режимі кезінде жұмыс істеген сауналар мен моншалардың қызметі уақытша тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT