Қостанайда қар құрсауында қалған 12 балықшы құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында қар құрсауында қалған 12 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға Жангелдин ауданында болған.

«Бүгін, түнгі 01:30 шамасында Торғай селосынан 20 шақырым жерде қар құрсауында қалған 5 жеңіл автокөлікке көмек көрсетілді. Көліктерде барлығы 12 адам болған. Олар Қабырға өзеніне балық аулауға шықпақ болғаны анықталды», -дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Құтқарушылар автокөліктерді қардан шығарып, қауіпсіз жерге дейін сүйретіп жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке жүгінген жоқ. Облыстық ТЖД боранды күні алыс жолға шықпауға кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар