Қостанайда кәмелетке толмаған қыз балаға тиіскен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының тұрғыны облыс орталығындағы бағдарлық автобустардың бірінде кәмелетке толмаған қызға тиіскені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың 19 мамырында азамат Я. №18 бағыттағы автобуста келе жатып, кәмелетке толмаған 2008 жылы туған Л.-ға тиісіп, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 2023 жылғы 22 мамырдағы қаулысымен Я. ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 күндік мерзімге қамаққа алынды», - деп хабарлады Қостанай облыстық сотынан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін қала жұртшылығына осындай факті бар видео тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар