Қостанайда КамАЗ көлігінен ер адамның денесі табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Таран ауданындағы тасжолда көлік ішінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Таран ауданының Жамбаскөл ауылынан 12 шақырым жерде болған. 

«Жол үстінде тұрған КамАЗ көлігінен ер адамның денесі табылды. Таран аудандық ІІБ ҚР ҚК 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастап кетті», - дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиға төңірегін зерттеп, кісі өлімінің себебін анықтау мақсатында қажетті шараларды жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар