Қостанайда қалааралық автобустардың қозғалысы шектеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас санитар дәрігері карантиндік шектеулерді күшейтетін жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта Ashyq жүйесіне қатыспайтын қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысын тоқтата тұру керектігі айтылған. Ал қала ішіндеші маршруттық автобустар жұмыс күнінің қарбалас уақыттарында мейлінше жиі қатынап, барлық есіктерін аша отырып, тасымал жүргізуге мінеттеліп отыр. Аптаның демалыс күндері саяжайға қатынайтын автобустар ғана жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатыспайтын көрме обьектілері, караоке, бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг, батуттар, жабық кешендегі балалардың ойын алаңдары, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Аталмыш санаттағы Ashyq жобасына қатысатын нысандар адам санын 30-дан асырмай, сағат 12.00 мен 20.00 арасында жұмыс істей алады.

Қаулы Ashyq жобасына қатыспайтын мәдени нысандардың бәрінің жұмысына тыйым салады. Ал Құрбан айт мерекесін онлайн форматта өткізу керектігі айтылған. Дегенмен, діни мінәжат орындарында бір адамға 4 шаршы метр орын қамтамасыз ете отырып, құлшылық жасауға рұқсат етілген.

Жол бойындағы тамақтану орындарында жазғы алаңдар 50 пайыз жүктемемен жұмыс істей алады. Ал Ashyq жобасына қатысатын болса, 50 пайыздық жүктемемен және адам санын 50-ден саырмай сағат 9.00 мен 20.00 арасында жұмыс істей алады.

Азық-түліктен басқа тауар сататын орындардың жұмысына келушілер санын 30 адамнан асырмай, сағат 18.00-ге дейін рұқсат беріледі. Ал Ashyq жобасына қатыспайтын ауданы 2000 шаршы метірден асатын кешендердің жұмысына демалыс күндері тыйым салынады.

Жаңа қаулы бойынша, базарлардың барлық түрі демалыс және мереке күндері жұмыс істемеу керек.

Қонақүйлермен туристік базалар Ashyq жобасына қатыспайтын болса, 80 пайыздық жүктемеден асырмай кісі қабылдай алады. Ал Ashyq жобасына қатысатын болса, ешқандай шектеу жоқ.

Сауналар, СПА-салондар, термопарктер 50 пайыздық жүктемемен, әр адамға 5 шаршы метр орын бөле отырып, сағат 20.00-ге дейін жұмыс істей алады. Бұл санаттағы нысандар Ashyq жобасында тіркелмеген болса, демалыс күндері жұмыс істей алмайды.

Қаулы бассейнге барушыларды бір күн бұрын жазылуға міндеттеп отыр. Оның өзінде р адамға 5 шаршы метр су айдыны бөлініп, сағат 20.00-ге дейін ғана істей алады. Ashyq жобасына қатыспайтын бассейндерге демалыс және мереке күндері шектеу қойылған.

Жабық спорт кешендерінде де 50 пайыз жүктемемен, әр адамға 5 шаршы метр орын қалдыра отырып, сағат 20.00-дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Мұнда да Ashyq жобасына қатыспайтын обьектілерге демалыс және мереке күндері шектеу қойылған.

Қаулы 20 шілдедегі сағат 0.00-ден бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мазмұнымен мына жерден танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар