+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қостанайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі табылды

2019 жылғы 9 қаңтар 10:14
Бөлісіңіз:
Қостанайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке үйлердің бірінен хабар-ошарсыз кеткен 58 жастағы Наталья Горобецтің өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында бос қалған жеке тұрғын үй секторының ауласынан 58 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Кісі өлімінің нақты себептерін анықтау үшін сараптама жасалады», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Белгілі болғандай, әйелдің өлі денесін жергілікті тұрғын көріп, «102» нөміріне хабарлаған.

Еске салсақ, Федоров ауданының Федоров селосында тұратын Наталья Владимировна Горобецтің 24 желтоқсан күні таңғы 08:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткені туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT