Қостанайда ірі жол апатында мотоциклші қаза болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының Абай даңғылында ірі жол апаты салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатына куә болғандардың айтуынша, Infiniti мен  Peugeot көліктері соқтығысқан, олардың бірі екпінмен келіп, мотоциклді ұрған. Сондай-ақ жолаушылар автобусы зардап шеккен.

Соққының қатты болғаны соншалық мотоцикл темір үйіндіге айналған. Мотоциклші сол орында көз жұмды.

Жеңіл көліктерде болған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Автобус жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

Соңғы жаңалықтар