Қостанайда ірі жол апатына кінәлі жүргізуші жатқан аурухана палатасына күзет қойылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Кісі өліміне әкеліп соққан Қостанайдағы ірі жол апатына «Infiniti» көлігінің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 21 қыркүйек күні Қостанай қаласының Абай даңғылында Infiniti мен Peugeot көліктері соқтығысты, олардың бірі екпінмен келіп, мотоциклді ұрған. Жол апатынан жолаушылар автобусы да зардап шеккен болатын. Соққының қатты болғаны соншалық мотоцикл темір үйіндіге айналған, 32 жастағы кәсіби байкер Евгений Пасечник сол орында көз жұмды. Жеңіл көліктерде болған жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Аталған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысын процессуалдық прокурор өз бақылауына алды. 25 қыркүйек күні «Infiniti» жүргізушісі жол-көлік апатына кінәлі деп танылып, тиісті қаулы шықты.

«26 қыркүйек күні қылмыстық қудалау органы көлік жүргізушісінің ісіне қатысты  күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және өтініш хатты қарау нәтижесі бойынша күзетпен ұстау туралы қаулы шығарды», - деп атап өтті  Қостанай облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Қайрат Жүсіпов.

Белгілі болғандай, күдікті бастапқыда аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде жатқан. Қазір ол алдына күзет қойылған арнайы палатаға көшірілді.

  

 

Соңғы жаңалықтар