Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.52 EUR 431.32
RUB 6.10 CNY 55.89
Jańalyqtar

Қостанайда ірі көлемді героин тәркіленді

2019 жылғы 13 шілде 01:04 197
Бөлісіңіз:
Қостанайда ірі көлемді героин тәркіленді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыскерлерден 400 грамнан астам героин тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің ҰҚКБ бастығы Қайрат Тащановтың айтуынша, бұл салмақ аса ірі өлшемге жатады.

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс орталығында, Рудный қаласы және Федоров ауданында героин сатқан алты адамнан тұратын топ анықталды. Күдіктілер алты ай бойы облыс аумағында заңсыз есірткі айналымымен шұғылданған. Осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталғандар да бар. Тінту барысында есірткіні өлшейтін, орайтын құралдар, 3 млн теңге ақшалай қаражат табылды», - дейді Қайрат Тащанов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін айыпталуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT