Қостанайда iKomek ахуал орталығы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласы әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласындағы iKomek бақылау және жедел әрекет ету орталығының үлгісінде ахуал орталығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

iKomek орталығының негізгі қызметі - тұрғындардың өтініштерін қабылдау, коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру. Негізі осы жылдың 1 ақпанынан бастап 109 бірыңғай нөмірі енгізілген. Кейін коммуналдық мемлекеттік мекеме құрылды.

«Елбасы бастамасымен құрылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ашық кедергiсіз кеңістікте бір терезе қағидасы бойынша, халыққа қызмет көрсету жүйесін енгiзу тапсырылған болатын. Қазір біздегі шағын орталықта 12 адам жұмыс істейді, оның ішінде әкімшілік 4 бірлік және 8 оператор бар. Нұр-Сұлтан қаласының iKomek базасының тәжірибесі бойынша операторлар базасы, нұсқаулықтар жасалды. Елордада бақылау және жедел әрекет ету орталығы 2018 жылдың басынан жемісті қызмет етіп келеді», - деді орталықтың директоры Марғұлан Әлқуатұлы.
null

iKomek орталығы қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жасап, талдау жүргізеді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бұл орталық қаладағы түйінді мәселелерді уақтылы шешу мақсатында жұмыс істеуі тиіс.

«Қаланың бір шетінде тұратын көшенің тұрғыны проблемасын айтып хабарласты делік. Сонымен қатар қаланың екінші шетінде басқа мәселе туындады. Бұл кезде қалай әрекет етесіздер? Соған дайын болу қажет. Әйтпесе, бұл орталықтың маңызы шамалы. Керек болса, кадр санын көбейтіңіздер. Бастысы, тұрғындардың өтініштері дер уақытында қаралып, тиісті атқарушы органдарға жіберілуі тиіс», - деді Архимед Мұхамбетов.

Қостанайдағы iKomek 3 бағытта жұмыс істейді. Әуелі, қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін 4 оператор қабылдайды. Одан әрі 4 инспектор сұрақтың сапасы мен мазмұнын бақылап, атқарушы органдарға бағыттайды. Үшіншіден, барлық мүдделі қызмет тұрғынның өтінішін қарастырып, шешімін береді.
null

Осы уақытқа дейін 40-тан астам мемлекеттік органда, халыққа қызмет көрсететін ведомстволық және мердігерлік ұйымдарға тексеру жүргізілді. Барлығы 1000-нан астам қызмет іріктеліп, тиісті регламент әзірленді.

«Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Қолжетімді әкімдік» жобасын ұсынды. Мұнда қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша алады. Себебі, бүгінде ТКШ, тұрғын үй қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария салалары бойынша сұранымдар көбейген.

Қалалық әкімдік «Ватсап», «Инстаграм», «Фейсбук» әлеуметтік желілері және telegram чат-боттар бойынша өтініштерді қабылдауды ұйымдастырмақ. Сондай-ақ, «Смарт Қостанай» мобильді қосымшасын біріктіру және қаланың әлеуметтік-маңызды объектілері үшін бейне бақылау камераларын шығару жоспарлануда.

null

Соңғы жаңалықтар