Қостанайда иісшіл иттің көмегімен Ресейге есірткі алып өтпек болған адам ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы «Қайрақ» шекара бекетінде «Зита» атты иісшіл ит Ресейге есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысындағы департаментіне қарасты «Қайрақ» (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінде есірткі затын ұстау дерегі тіркелді. Ресей Федерациясына жолға шыққан ҚР азаматының қол жүгін тексеру барысында «Зита» қызметтік иті жолаушының қалтасында есірткі бар екенін анықтады. Тексеру кезінде Қазақстан Республикасы азаматының қалтасынан иісі бар, жасыл түсті 5 грамм гашиш табылды», делінген комитет ақпаратында.

Шекарашылар ұсталған азаматты құзырлы органдарға тапсырды. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар