Қостанайда ІІБ ғимаратына оқ атқан адам сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2018 жылдың қазан айында белгісіз біреулер Мендіқара ішкі істер бөліміне келіп кезекші тергеуші кабинетінің терезесіне екі рет қарумен оқ атқан.

Кейін облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Рахимов күдіктінің ұсталғанын растады. inform.kz/en/kostanay-oblysynyn-iib-gimaratyna-ok-atkan-adam-ustaldy_a3429529 Оның автокөлік жүргізу құқығынан айырылғанына да белгілі болды.

«Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат «И» ҚР ҚК-нің 380-1 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылды. 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын қылмыстық атқару жүйесіндегі максималды тәртіпте өтейді. Сонымен қатар, сотталушыдан ІІБ ғимаратының сынған терезесі үшін көлемі 82 000 теңге материалдық шығын және жәбірленушілер өтем қорына 30 айлық көрсеткіш көлемінде төлем өндірілді», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қылмыс жасалған «ВАЗ 21102» автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар