Қостанайда иесіз сөмке жұртты әбігерге салды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда иесіз жатқан сөмке жұртты әбігерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 15:45-те Складская көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды. Полиция жасағы машиналар мен автобустарды кері қайтарып тұрды.

Санаулы минуттан соң оқиға орнына жедел жәрдем көлігі, жарылғыш іздейтін саперлер мен басқа да арнайы бөлімше қызметкерлері келіп жетті.

Кейін түсініктеме берген облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь оқиғаға қараусыз қалған сөмкенің себепші болғанын айтты.

Бұған дейін 1 тамызда ХҚКО маңында Тәуелсіздік көшесі жабылған болатын. Сол маңнан табылған пакеттің ішінен смартфон қуаттағыш сымдары шықты.

Соңғы жаңалықтар