Қостанайда иесіз сөмке үшін темір жол вокзалын қоршауға тура келді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Иесіз сөмке Қостанайдағы темір жол вокзалын қоршауға алуға мәжбүрледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады.

«Сағат 13.37-де облыс тұрғынынан вокзал маңындағы дүкеннің жанынан қара-көк түсті иесіз сөмкенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар тиісті шараларды жүргізу үшін вокзал аумағын қоршауға алды»,- деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тексеру нәтижесінде сөмкенің иесі анықталды. Ішінде жеке тұтынуға арналған заттар болған.

Соңғы жаңалықтар