Қостанайда халықаралық инвестициялық форум жалғасуда

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысындағы екі күнге созылатын «Kostanay-Invest 2017» форумы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумның бірінші күні шетелдік меймандар Қостанайдағы ірі өнеркәсіп орындарының жұмыстарымен танысқан. Олар «Соколов-Сарыбай» кеніші, Жас қанат - 2006» құс фабрикасы, «Баян сұлу» кондитер фабрикасында болып, өндіріс ошақтарымен кәсіпкерлік байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Қазақстанмен тығыз әріптестік орнатқан халықаралық қаржы ұйымының бірі - Азия даму банкі. Еліміз аталған банкке мүше болған 23 жылда 5 млрд АҚШ долларының қаржыландыруы жүргізілді. Бұл көрсеткіш былтырдың өзінде 200 млн долларды құраса, биыл олар несиелеуді 40% арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Джованни Капанелли баяндады.
null

«Қостанай облысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына сүбелі үлес қосып келе жатқан өңір екенін естідім. Біз экономикалық әртараптандыру арқылы мамандандырылған инвестицияларды қолдауға әзірміз. Назарбаев университеті кәсіпкерлікті дамыту мамандығы бойынша мамандар даярлап жатыр. Енді осы арқылы сіздердің облыстарыңызбен де байланысымызды нығайтамыз деген ойдамын. Мұнымен қоса, Азия даму банкі Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Ферғана қалаларында көтерме-үлестіру орталықтары құрылысының тұжырымдамасы мен техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап жатыр», - деді Джованни Капанелли.

Халықаралық инвестициялық форумға Ресей, Беларуь, Өзбекстан, Польша және Египеттен 100-ге жуық кәсіпкер қатысуда. Бүгін өтетін 4 панельді сессияда 40-тан астам сарапшы өз жобаларын ұсынады. Сондай-ақ, Қостанай облысы шет елдермен әріптестік байланыс аясында 26 меморандумға қол қоймақ.

Соңғы жаңалықтар