Қостанайда хабар-ошарсыз кеткен 24 жастағы бойжеткен табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы бойжеткен табылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Қостанай қаласы полиция басқармасының оңтүстік бөлімінің қызметкерлері із-түссіз жоғалған қала тұрғыны Тритенкова Александра Андреевнаға іздеу салғанын хабарлаған болатынбыз.

Бойжеткен осы уақытқа дейін туыстарының үйінде болған. Оның жағдайы жақсы.

Соңғы жаңалықтар