Қостанайда хабар-ошарсыз кеткен 13 жасар бала ауылдағы туыстарынан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Із-түзсіз жоғалған жасөспірім Рустам Ташмағамбетов табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Іздеу салынған 13 жастағы жасөспірім Рустам Ташмағамбетовті Әулиекөл ауданының полицейлері іздеп тапты. Полиция бозбаланың Аманқарағай кентіндегі туыстарына жол-жөнекей көлікпен келгенін анықтады. Қазіргі уақытта ол туыстарының үйінде. Онымен ювеналдық полицейлер жұмыс істеп жатыр», - деді ведомстводан.

Еске салайық, бұған дейін 2021 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 11:00-де Рустам Ташмағамбетовтің мектептен шығып, қайта оралмағаны хабарланған болатын.

Бозбала жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан.


Соңғы жаңалықтар