Қостанайда «Газельмен» бойжеткенді қасақана басып кеткен жүргізушіге қатысты іс қозғалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мас күйінде бойжеткенді жүк көлігімен үш мәрте соғып өткен 33 жастағы жүргізуші сот алдында жауап береді, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

Істі Қостанай облысының қылмыстық істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

Оқиға 15 шілдеде түнгі сағат 01:15 шамасында болған. Қостанай облысының  тұрғыны Б. Затобол кентіндегі «Қызылдаш» дәмханасында А. және Г. есімді екі бойжеткенге қол жұмсаған.

«Көлік құралын басқару құқығынан айырылған азамат Б. мас күйінде сағат 01:30 шамасында «Газельә көлігіне отырып, дәмхананың жазғы алаңында тұрған Г.-ны үш мәрте басып өткен. Бұл кезде жәбірленуші бойжеткен достарымен бірге такси күтіп тұрған» - делінген Қостанай облыстық сотының баспасөз хабарламасында.

25 жастағы Г. бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Ауыр дене жарақаттарын алған бойжеткен қазір Ресейдің Челябинск қаласында емделуде.

Ал азамат Б. ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айыпталуда.

Соңғы жаңалықтар