Қостанайда газ жабдығы жарылып, 7 адам зардап шекті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қазақпарат - Қостанай қаласындағы техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жабдық жарылды.

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 маусым күні сағат шамамен 12-00-де Қостанайда, Лермонтов көшесі бойындағы екі қабатты техникалық қызмет көрсету стансасында табиғи газбен жұмыс істейтін жадбық жарылды. Жарылыс салдарынан ғимараттың 90 пайызы қирап, өртенді. 7 адам зардап шекті. 6 адам ауруханаға жеткізіліп, 3 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен тағы бір адамға Апаттар медицинасы орталығының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді ол.
null

Ресми өкілдің айтуынша, оқиға орнында жедел штап құрылған. Газбен жабдықтау мен электр энергиясы уақытша ажыратылған. Өрт сағат 12,47-де сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске 98 маман мен 30 техника жұмылдырылған.

«Сағат 13-24-те 9 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды», - деді Н.Нұрахметов.

null

Соңғы жаңалықтар