Қостанайда футзалдан журналистер турнирі өтті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда шағын футболдан белгілі журналист Тұрсынмәмет Бұқабаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тар алаңдағы тілшілер тартысы осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жарысқа облыстық БАҚ өкілдерінен бөлек, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі және ақынның достары мен інілері қатысты. Бас-аяғы 10 команда екі топқа бөлініп өнер көрсетті.

Үшінші орын үшін «Қостанай таңы» мен «Ақынның інілері» ұжымы кездесті. Тыңғылықты дайындықпен келген ақын інілері газет тілшілерінен басым түсті.

Финалда «Асабалар» командасы Қостанай академиясының баспасөз қызметіне қарсы ойнады. Соңғы минуттарда гол соғып кеткен академия құрамасы жарыс жеңімпазы атанды.
Турнир жеңімпаздары мен үздік ойыншыларға ақшалай сыйлықтар мен марапат қағаздары тапсырылды.

Айта кетейік, дәстүрлі турнир келесі жылы Қостанай академиясында өтеді.

Тұрсынмәмет Бұқабаев - 1978 жылы 28-сәуірде қазіргі Алматы облысы, Кербұлақ ауылы, Қарашоқы ауылында дүниеге келген. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін филология мамандығы бойынша аяқтады. Қалалық «КН» радиосында, облыстық «Қостанай таңы» газетінде, «Жас қазақ» журналында, республикалық «Айқын», «Қазақстан теміржолшысы» газеттерінде, «Хабар» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет етті. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жүлдегері, Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындағын «Шабыт» сыйлығының иегері.

2010 жылдың 25 мамырында 32 жасында дүние салды.

Соңғы жаңалықтар