Қостанайда «Эйр Астана» ұшағы жолақтан шығып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай әуежайында «Эйр Астана» ұшағы жолақтан тысқары аумаққа шығып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне «Эйр Астана» корпоративті коммуникациялар департаментінің менеджері Тілек Абрахманов айтты.

Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанайға рейс жасаған Boeing -757 ұшағы қаладағы әуежайға қонғаннан кейін жолақтан шығып, оң жақтағы шасси бөлігі топыраққа батып қалды.

«Ұшақ инженерлер мен бөлшектерді жеткізу үшін, сондай-ақ «Қостанай-Нұр-Сұлтан» бағдарындағы КС 336 рейсінен жолаушыларды алып кетуге жіберілген еді», - деп нақтылады Т. Абдрахманов.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл оқиға сағат 18.00-де болған. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайтын болады.

Айта кетейік, бүгін Қостанай әуежайында тағы бір төтенше оқиға тіркелді. Ұшақ штаттық тәртіпте қонғаннан кейін, жүру жолағындағы әрекеттерден кейін перронда Airbus А320 ұшағының сол жақтағы шассиі асфальқа батып қалған. Бұл ұшақ «Нұр-Сұлтан-Қостанай» бағдарында КС 335 рейсін орындаған болатын. Жолаушыларды түсіру шаралары штаттық режимде жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар