Қостанайда ерлі-зайыпты зейнеткерлер газдан уланып көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласында ерлі-зайыпты зейнеткерлер табиғи газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға Абай көшесіндегі жеке тұрғын үй секторында болған.

«Тұрғын үй ішінен 1939 және 1938 жылы туған зейнеткерлердің денесі табылды. Олар алдын ала болжам бойынша табиғи газға уланып қалған», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Осы дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар