Қостанайда ер адамды көлік қағып өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 36 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны көлік астына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 10 қазан күні Қостанайдағы «КСК» шағынауданында болған. Жеңіл автокөлік 36 жастағы жаяу жүргінші Дмитрий Подборскийді қағып кеткен.

«Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік ағамды соғып, шамамен 15 метрдей жерге ұшырып жіберді. Негізі, оны КамАз көлігі жолдан өткізіп жіберген. Ал ағамды соққан жеңіл көлік жүргізушісінің туыстарының айтуынша, ол жұмысқа асығып бара жатқан. Жедел жәрдем қызметі ағама еш көмек бере алмады. Ауыр дене жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігі ішінде көз жұмды», - деді қаза болған ер адамның інісі Виктор Калатик.

Дмитрий Подборскийдің артында жұбайы мен ұлы қалды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь аталған ақпаратты растады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар