Қостанайда ер адам танысын пышақтап тастады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 40 жастағы ер адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 12 қыркүйек күні Қостанайда болды. Бұл ақпаратты Қостанай облыстық прокуратурасы да растады. Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, қылмыс жасалған күні Қостанай қаласы ІІБ «Кісі өлтіру» ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізген.

«Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, кісі өлімі спирттік ішімдік ішу кезінде болған. Күдікті өз танысының кеуде тұсына пышақ сұққан. Қылмыс ашылды», - деді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Қайрат Жүсіпов.  

«Кісі өлтіру» ісі бойынша 43 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жұмыстары облыстық прокуратураның қарауында.

Соңғы жаңалықтар