Қостанайда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 38 жастағы ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Әулиекөл ауданында болған. Ер адам өзімен бірге тұратын 26 жастағы әйелді пышақпен ұрған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Артынша күдікті пәтерден қашып кеткен. Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.

«38 жастағы Әулиекөл ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар